Aitu қоғамдық-желілік ресурстарын модерациялау тəртібі туралы ереже
Жалпы ережелер
Негізгі мақсаттар
1.1. Aitu мобильді қолданбасы (бұдан əрі – «Қолданба») – Android немесе Apple iOS операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін мобильді құрылғылар үшін əзірленген ақпараттық қолданба болып табылатын, қолданбалар дүкені арқылы жəне веб-платформада қолжетімді мобильді қолданба.

1.2. Aitu мобильді қолданбасын модерациялау туралы ережені (бұдан əрі – «Ереже») “BTS Digital” ЖШС компаниясы (бұдан əрі – «Компания») Қолданба жұмысы шеңберінде модераторлар қызметін регламенттеу мақсатында əзірледі.

1.3. Ереже Қолданбаға материал (бұдан əрі – «Контент») орналастыруға қатысты Қолданбаның барлық Пайдаланушылары орындауға тиісті бірқатар қағидаларды қамтиды. Қағидалар сондай-ақ Қолданба пайдаланушыларының қызметі нəтижесінде құқықтары мен мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға қолданылады.

2.1. Қолданбаға контент орналастыру тəртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын бірыңғай қағидалар жиынтығын бекіту.

2.2. Қолданбаға орналастырылатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты Қолданба пайдаланушылары тарапынан жасалатын бұзушылықтардың ықтимал түрлерін құрылымдау, модератордың іс-қимылын белсендіретін «қалаусыз» жəне «тыйым салынған» контент ұғымдарын ашу.

2.3. Қолданба пайдаланушыларына қатысты тиісті əкімшілік санкцияларды қолдануға жеткілікті қалаусыз/тыйым салынған контенттің сипаты мен көлемін анықтау.

Қағидалар
Терминология
Тыйым салынған контент
Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
3.1. Жүйе қолмен модерациялау шығындарын азайтуға жəне қаалаусыз материалдың жариялануын болдырмауға мүмкіндік беретін машина оқыту алгоритмдерін (ML) пайдалана отырып, мəтіндік жəне визуалды материалды автоматты түрде цензуралауды жүзеге асыратын техникалық шешімдерді қарастырады. Сайтқа материалдарды (контентті) орналастыру бойынша бақылау мен түпкілікті шешім модератор тарапынан жүзеге асырылады жəне осы Ережеге сəйкес модерациядан кейінгі сипатта болады.

4.1. Модерация – Қолданба қағидаларының орындалуын бақылау, спам-хабарламаларды жою, жағымсыз ақпаратты, балағат сөздерді жəне компания саясатына жəне қолданыстағы заңнамаға сəйкес қалаусыз болып табылатын басқадай ақпаратты сүзу. Модерация деп сондай-ақ Қолданбаның пайдаланушы келісімі қағидаларының сақталуын тексеру аталады.

4.2. Модератор – Қолданбада қағидалардың сақталуын қадағалайтын Компания қызметкері.

4.3. Юзернэйм – Қолданбадағы лақап ат жəне/немесе пайдаланушы аты.

4.4. Бұғаттау – Қолданба пайдаланушысын қандай да бір құқықтардан шектеулі уақытқа жəне/немесе тұрақты негізде айыру немесе шектеу.

4.5. Көпшілік арна – автор біржақты тəртіпте өзінің жазылушылары үшін контент жасайтын көпшілік құрал.

4.6. Көпшілік топ – нақты уақыт режимінде хабар немесе Контент алмасудың көпшілік құралы.

4.7. Материал - Қолданбаны пайдалану кезінде Пайдаланушы немесе Қолданба жүктейтін ақпарат. Контент деп мəтіндерді, аудио- жəне видеофайлдарды, графикалық кескіндерді, анимацияны – Пайдаланушы Қолданбадан оқи алатын, көре алатын, ести алатынның барлығын атауға болады.

4.8. Уəкілетті орган - онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

4.9. ML - машина оқыту алгоритмдері.

5.1 Тыйым салынған контент ретінде келесілер ұғынылады:

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық басымдыққа, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, суицидке, порнографияға, есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімнің бұзылуына бастайтын сепаратизм, алаяқтық идеяларына үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмəн келтіретін мəлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге ақпарат.

7.1. Қолданбада тіркелу кезінде Пайдаланушы Қолданбаны пайдалануға жəне оның жұмыс істеуіне байланысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдай отырып, Пайдаланушы келісімімен танысуға міндетті.

7.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы Пайдаланушының жəне басқа Пайдаланушылардың Жеке парақшаларын, арналар мен қоғамдық топтарға қолжетімділікті жəне т.б. қамтитын Қолданба ішіндегі ақпараттық кеңістікті құру, толықтыру жəне жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

7.3. Қолданбада ақпаратты жəне объектілерді (контентті) орналастырмас бұрын Пайдаланушы олардың заңдылығын жəне Қолданбаның Пайдаланушы келісіміне сəйкестігін алдын ала бағалауға міндетті.

7.4. Пайдаланушы Пайдаланушы келісіміне, Қолданба Əкімшілігінің өзге де арнайы құжаттарына жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес Қолданбаның көрсетілген бөлімдерінде контентті жасауға, орналастыруға, сақтауға жəне беруге байланысты өз əрекеттері үшін толық жауапты болады.

Модерация алгоритмі жəне айыппұл санкцияларының түрлері
6.1. Модератор Модерация туралы ереже қағидаларының жəне/немесе Пайдаланушы келісімі талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда Қолданба Пайдаланушыларының құқықтары мен мүдделерін жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын қорғауға қатысты əрекеттер жасайды:

• Қолданбаның басқа Пайдаланушыларынан немесе мүдделі тұлғалардан шағым не өтініш түскен кезде;
• бұзушылық фактісін өз бетінше анықтаған кезде.

6.2. Қолданба шеңберіндегі қызметі Ережеде көрсетілгендерге қайшы келетін Пайдаланушыға ықпал ету шарасы Модератордың қарауынша анықталады жəне бірнеше сценарийді қамтуы мүмкін:

• Қолданба Пайдаланушысына алдын ала немесе кейіннен ескертусіз қалаусыз/тыйым салынған контентті жою;
• Қолданба Пайдаланушысына тиісті ескерту жасай отырып қалаусыз/тыйым салынған контентті жою;
• өрескел бұзушылықтар болған жағдайда – Қолданба Пайдаланушысының профиліне қол жеткізу құқығын шектеу жəне кейіннен бұғаттау.

6.3. Пайдаланушы профилін шектеу немесе бұғаттау уақытша жəне ескерту шарасы болуы мүмкін. Пайдаланушы профиліне қол жеткізу құқықтарын шектеу немесе бұғаттау мерзімін Модератор осы Ереженің №1 қосымшасына сəйкес айқындайды жəне санкция салу фактісі бойынша Пайдаланушыға хабарлайды.

6.4. Арналар бойынша шағымдарды өңдеу:

• Қолданба Пайдаланушыларына “Шағымдану” функциясы арқылы арналарда орналастырылған контентке жедел əрекет ету функционалы ұсынылған;
• Пайдаланушылардың шағымдары Модераторға келіп түседі;
• Модератор арна мазмұнын қарап, арна контентін талдау негізінде шешім қабылдайды. Одан əрі Модератордың қарауына сай арна бұғатталуы мүмкін. Модератор арнаны бұғаттаған жағдайда арнаға жазылушылар немесе арнаны тапқан пайдаланушылар бұғатталған арнаға кіре алмайды, ал арна иесі арнаға кіре алғанымен, посттар жариялай алмайды;
• Арнаны бұғаттағаннан кейін модератор пайдаланушының аккаунтын/арнасын/тобын бұғаттау себебін көрсетеді. Пайдаланушы Aitu-дағы @moderator_group чаты немесе Қолданбадағы moderator@aitu.io поштасы арқылы апелляция бергеннен кейін аккаунт/арна/топ бұғаттан шығарылуы мүмкін.

6.5. Көпшілік топтардағы шағымдарды өңдеу:

• Қолданба Пайдаланушыларына “Шағымдану” функциясы арқылы көпшілік топқа немесе көпшілік топта орналастырылған контентке жедел əрекет ету функционалы ұсынылған;
• Пайдаланушылардың шағымдары Модераторға келіп түседі;
• Модератор көпшілік топтың мазмұнын қарап, көпшілік топ контентін талдау негізінде шешім қабылдайды. Одан əрі Модератор басқа адамдарға тіл тигізетін жəне Қолданбаны пайдалану шарттары мен қағидаларын бұзатын пайдаланушылардың көпшілік тобын/аккаунтын бұғаттайды.

6.6. Модератордың қарауынша, егер пайдаланылуы орынды болса, ерекше жағдай ретінде білім беру, көркем, деректі жəне ғылыми материалдар үшін жалаңаш бейнені жариялауға рұқсат етілуі мүмкін.

6.7. Айыппұл санкцияларының түрлері:

• Ескерту - бұғат/уақытша бұғат*;
• Постты тікелей жою немесе тыйым салынған контентті қамтитын хабарламаны жою туралы талап қою;
• Пайдаланушылар мен арналарды бұғаттау;
• Шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін əкімшілік панельде пайдаланушыларды бұғаттан шығару.

6.8. Компания Уəкілетті органның ұйғарымы негізінде Қолданбадағы балаға қатысты кибербуллинг ретінде танылған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыратын жəне тарататын аккаунттардың қызметін тоқтата тұруға құқылы.

6.9. Компания барлық алынған шағымдарды 20 күнтізбелік күн ішінде өңдеуге жəне Пайдаланушыға оның шағымына қатысты тиісті жауап беруге міндеттенеді.

6.10. Шағым беру кезінде Пайдаланушыға шағымның алынғаны туралы автоматты растау жіберіледі.

Қарсы тұру шаралары
Қорытынды ережелер
8.1 Қауіпсіздік қағидалары жəне алдын алу туралы ақпаратты жариялау:
9.1 Пайдаланушы Компанияның Пайдаланушы келісімінің шарттарын, осы Модерация туралы ереженің қағидаларын немесе қолданыстағы заңнама нормаларын не болмаса дəлелді шағым түскен жағдайда үшінші тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын бұзған Пайдаланушыға қатысты Қолданбаға қолжетімділікті шектеу не бұғаттау немесе өзге де шаралар қабылдау құқығымен келіседі. Бұл ретте аталған шаралардың сипатын, оның ішінде қол жеткізуді шектеу ұзақтығы мен деңгейін Компания өз қарауынша анықтайды жəне олар Пайдаланушыға алдын ала немесе кейін ескертпестен жəне себептерін түсіндірместен қолданылуы мүмкін.

9.2. Модерация туралы ереже қағидаларын бұзған Қолданба пайдаланушысына ықпал ету шарасын Модератор осы Ереженің №1 қосымшасына сəйкес белгілейді. Пайдаланушының сұратуы бойынша Модератор өз əрекеттеріне себеп болған Пайдаланушы бұзушылықтарының сипаты жайында хабарлауы мүмкін.

9.3. Пайдаланушы келісімінің шарттары бұзылған жағдайда Компания бұзушылықтардың ескіру мерзіміне қарамастан, аталған шарттар мен өз мүдделерін қорғауға қажетті шараларды қолдануға құқылы. Осылайша, бұл жағдайда Модератордың əрекетсіздігі оны қажетті əрекеттерді кейінірек орындау құқығынан айырмайды жəне болашақта осындай бұзушылықтар жасалған кезде Компанияның өз құқықтарынан бас тартатынын білдірмейді.

9.4. Модератор контентті Компания белгілеген көлемде бақылауға құқылы жəне Пайдаланушылар Қолданба сервистерін пайдалана отырып сақтайтын, орналастыратын, жариялайтын немесе беретін барлық материалдар үшін жауапты болмайды.

9.5. Компанияның модерациялау құқығы Пайдаланушылар Қолданбада орналастыратын, Қолданба сервистерін пайдалана отырып жариялайтын немесе беретін барлық материалдарды бақылау міндетіне теңестірілмейді. Модерация Компания белгілеген көлемде жүзеге асырылады.

Aitu қоғамдық-желілік ресурстарын модерациялау тəртібі туралы ережеге №1 қосымша
8.1.1 Қауіпсіздік қағидалары туралы ақпаратты көпшілікке қолжетімді ресми дереккөздерде жүйелі түрде жариялау.

8.1.2 Пайдаланушыларға алаяқтық түрлері жөнінде ескерту жəне күмəнді контент немесе қызмет анықталған жағдайда не істеу керектігі, қайда жүгіну керектігі жайында нұсқаулар беру.
8.2 Күмəнді контентті автоматты түрде анықтау жəне жасыру үшін машина оқыту (ML) алгоритмін қолдану:
8.2.1 Коентентті автоматты түрде талдайтын, күмəнді жарияланымдарды немесе əрекеттерді анықтайтын жəне оларды пайдаланушылардан жасыратын ML алгоритмдерін əзірлеу жəне пайдалану.

8.2.2. Күмəнді контенттің жаңа түрлерін тиімді анықтау үшін ML алгоритмдерін үнемі жаңартып жəне жетілдіріп отыру.
8.3 Қолдан модерациялау:
8.3.1 Контентті жəне ақпаратты қолмен тексеретін жəне талдайтын модераторлар тобының болуы. Модераторлар ML автоматты алгоритмі таппаған күмəнді контент пен ақпаратты жасыру немесе жою шараларын қолданады.

8.3.2 Келісімділікті жəне модерация қағидалары мен рəсімдерінің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету үшін модераторларды ұдайы оқыту.

Бұзушылық түрі
Тыю шарасы
Тыю
мерзімдері
Пайдаланушыларға олардың келісімінсіз жарнама, ақпараттық жəне басқа да материалдар тарату
1. Пайдаланушыға материалды жою қажеттігі жайында ескерту
30 минутқа дейін
2. Бұғаттау
14-30 күн
Қорқыту, қорлау сипатындағы, бедел түсіретін жəне ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге нұқсан келтіретін материалды жариялау
1. Пайдаланушыға материалды жою қажеттігі жайында ескерту
30 минутқа дейін
2. Бұғаттау
14-30 күн
Порнографиялық суреттерді, мəтінді жəне/немесе кəмелетке толмағандардың жыныстық сипаттағы көріністерін қамтитын материал жариялау
1. Пайдаланушыға материалды жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
30-60 күн
Жануарларға қатыгездік жасау көріністерін қамтитын материал жариялау
1. Пайдаланушыға материалды жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
30-60 күн
Суицидтің құралдары мен тəсілдерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты жариялау,оны жасауға кез келген түрткі
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
Біржола
Нəсілдік, діни, этникалық жеккөрушілікті немесе араздықты насихаттайтын жəне/немесе оған ықпал ететін, фашизмді немесе нəсілдік үстемдік идеологиясын насихаттайтын ақпаратты жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
14-30 күн
Экстремистік материалдарды жариялау
1. Пайдаланушыға материалды жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
30-60 күн
Қылмыстық əрекетті насихаттайтын немесе қылмыстық əрекеттерді жасауға қатысты кеңестер, нұсқаулықтар қамтылған ақпаратты жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
Біржола
Мемлекеттік жəне/немесе коммерциялық құпияны қамтитын ақпаратты жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
30 күнге дейін
Есірткі заттарының жарнамасын қамтитын немесе оны қолданудың тартымдылығын, оны дайындау рецептілерін жəне қолдану жөніндегі кеңестерді сипаттайтын ақпарат жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
Біржола
Фишингтік сілтемелерді жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
Біржола
Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өзге де тəсілдермен бұзатын ақпарат жəне/немесе материал жариялау
1. Пайдаланушыға ақпаратты/материалды жою қажеттігі жайында ескерту
60 минутқа дейін
2. Бұғаттау
30 мин
Біржола
Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Қошқарбаев даңғ. 1/4, DownTown БО, Dubai блогы
Бізге жазыңыз: hello@btsdigital.kz
Бізге серіктес болыңыз: partner@btsdigital.kz
Бізбен жұмыс істеңіз: hr@btsdigital.kz, job@btsdigital.kz (түйіндеме үшін)
БАҚ үшін байланыстар: nurgul.salykzhanova@btsdigital.kz
Заңды өкіл: moderator@btsdigital.kz
© BTS-Digital 2024, All rights reserved
Біз cookies файлдарын қолданамыз. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookies файлдарының қолданылатыны жайлы ақпарат алғаныңызды және біздің қауіпсіздік саясатымызбен келісетініңізді растайсыз.
OK