Алматыда Qazaq IT-community конференциясында BTS Digital компаниясының стратегия жөніндегі директоры Перизат Жусупбаева жасанды интеллект өнімдерін іске қосуға арналған Aitu платформасын таныстырды.
Aitu – бұл мессенджерді, әлеуметтік желіні, ойын-сауық контентін, финтех шешімдерін, қашықтан биометрияны және бұлтты технологияларды біріктіретін суперқосымша.
Платформаның басты ерекшелігі – AI-сервистерді және виртуалды ассистенттерді жеңіл интеграциялау мүмкіндігі.
Бүгінде Aitu – бұл AI-ассистенттердің маркетплейсі. Пайдаланушылар жеке жасанды интеллектпен қазақ тілінде байланыса алады, бұл BTS Digital әзірлеген STT моделі арқылы жүзеге асады. Бұл AI білім беру, денсаулық сақтау, аспаздық және фитнес секілді түрлі салаларда көмектеседі. Осылайша, Aitu платформасы «AI to You» – жасанды интеллект әр адамға арналған концепциясын іске асырып отыр.
Суретте: Перизат Жүсіпбаева, BTA Digital компаниясының Chief Strategy Officer. Фото @BTS-Digital
Сонымен қатар, Перизат Жусупбаева Aitu платформасы AI әзірлеушілер мен стартаптарға арналған ашық экожүйе екенін атап өтті.
Әрбір әзірлеуші өз сервисін платформаға тегін орналастырып, 5 миллионнан астам пайдаланушы аудиториясына қол жеткізе алады.
текст
Фото @BTS-Digital
BTS Digital Қазақстанда технологиялар мүмкіндіктерін кеңейтіп, адамдар өмірін жеңілдетуді жалғастыруда.