28–30 наурыз 2025 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық AlmatyFair.AI форумында BTS Digital компаниясы сәтті таныстырылым өткізді. Форумның басты оқиғасы Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуы болды — бұл жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетті.
Форум аясында BTS Digital Aitu ұлттық цифрлық экожүйесін ұсынды. Бұл — мессенджер, әлеуметтік желі, стриминг қызметтері, төлем шешімдері мен AI-ассистенттер платформасын біріктіретін инновациялық шешім. Aitu — барлық цифрлық құралдардың қауіпсіз, ыңғайлы әрі қарапайым түрде бір жерде болғанын қалайтын пайдаланушыларға арналған.
Қатысушылардың ерекше назарын Aitu ашық платформасы аударды — ол жасанды интеллект енгізуге арналған. Бұл платформа әзірлеушілер мен стартаптарға күнделікті және кәсіби міндеттерді орындай алатын AI-ассистенттер жасауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл жергілікті ІТ-нарықты дамытуға және Қазақстанның цифрлық егемендігін нығайтуға ықпал етеді.
“Біз қолданушылардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналатын ұлттық big-tech ойыншыны құрғымыз келеді. Бұл — жай ғана цифрлық өнім емес, пайдаланушылар мен бизнестің қажеттіліктеріне бейімделетін экожүйе. Aitu — бұл қолайлылық, технология және қауіпсіздік. Біз болашаққа бірге қадам басуға тырысамыз,” — деді BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев таныстырылым кезінде.
AlmatyFair.AI форумы — жасанды интеллект бойынша тәжірибе алмасуға және келешекті талқылауға арналған маңызды алаң болды. BTS Digital компаниясы өңірдің цифрлық болашағын қалыптастыруға дайын екенін көрсетті.