Технологиялардың дамуымен Қазақстанда интернет-алаяқтық күрделеніп, жетіле түсуде. Соңғы кездері дропперлердің қатысуымен жасалатын схемалар жиілеп барады. Дропперлер – бұл ұрланған ақшаны қолма-қол жасауға немесе аударуға көмектесетін адамдар. Олар кейде бұл рөлін біле тұра орындайды, бірақ көп жағдайда заңсыз схеманың бөлігі екендігін түсінбейді.
ТЕКСТ
BTS Digital қазақстандықтарға осындай қауіп-қатерлер туралы ақпарат беруді маңызды деп санайды, өйткені бұл жеке деректерді қорғауға және алаяқтық схемаларға тартылудан сақтануға көмектеседі.
ТЕКСТ
НАҚТЫ ОҚИҒА
Жақында Қарағанды облысында болған оқиға дроппердің өз банктік картасының деректерін бөгде адамдарға бергені үшін сот арқылы жауапкершілікке тартылғанын көрсетті. Сот дропперді жәбірленушіге бір миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл оқиға көрсеткендей, мұндай схемаларға саналы түрде емес қатысу да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
ТЕКСТ
ТЕКСТ
ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді ұстаныңыз:
- Банк карталарыңыз бен әмияндарыңыздың деректерін ешқашан бермеңіз.
- «Оңай табыс» туралы күмәнді ұсыныстарға назар аудармаңыз.
- Кездейсоқ аударымдарды тек банк арқылы қайтарыңыз.
- Тәуекелдер туралы жақындарыңызға түсіндіріңіз: балаларға, қарттарға, қосымша табыс іздеген адамдарға.
ТЕКСТ
ТЕКСТ
БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
BTS Digital үшін киберқатерлер туралы хабардарлық — қауіпсіздіктің алғашқы қадамы. Біздің өнімдер мен қызметтер пайдаланушылардың цифрлық өмірін қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған.
ТЕКСТ
Деректеріңізді қорғаңыз және бұл ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз. Қаржылық сауаттылық пен мұқияттылық сізді және жақындарыңызды алаяқтардан қорғайды.
ТЕКСТ