Астанада Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Bridge 2025 өтіп жатыр. Биылғы форум бизнес өкілдерін, стартаптарды, инвесторлар мен халықаралық сарапшыларды бір алаңға жинады. Форумның басты тақырыбы – Generative Nation, яғни Қазақстанның технология тұтынудан оны жасауға әрі экспорттауға көшуін бейнелейді.
Қатысушылардың қатарында BTS Digital компаниясы да бар. Ол өздерінің Aitu супераппін таныстырып, даму жолын көрсетті. Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде Aitu жай ғана мессенджер емес, жаңа сервистер мен пайдаланушылар қосылып жатқан тұтас экожүйеге айналды.
Форумға жиналғандарды суперапптің жаңа мүмкіндіктері қызықтырды. Олар Aitu-ды дәстүрлі мессенджерлерден ерекшелендіретін артықшылықтарға назар аударды.
Компанияның мәлімдеуінше, Aitu әртүрлі сегментке арналған әмбебап платформа ретінде дамуда – В2В және В2С.
Форумға жиналғандарды суперапптің жаңа мүмкіндіктері қызықтырды. Олар Aitu-ды дәстүрлі мессенджерлерден ерекшелендіретін артықшылықтарға назар аударды.
Компанияның мәлімдеуінше, Aitu әртүрлі сегментке арналған әмбебап платформа ретінде дамуда – В2В және В2С.
- Бизнес үшін: ол бизнес-чаттар мен арналardan бастап мини-қосымшаларды біріктіруге дейінгі түрлі цифрлық шешімдер ұсынады. Бұл компанияларға клиенттермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
- Қарапайым пайдаланушылар үшін: сервис күнделікті өмірге қажет құралға айналып келеді – қарым-қатынастан бастап түрлі қызметтерге қол жеткізуге дейін.
текст
«Aitu – біз қолданушылар мен серіктестерімізбен бірге құрып жатқан орта. Біздің мақсатымыз – әр жаңа сервис өмірді жеңілдетіп, бизнесті тиімдірек етуі», – деді BTS Digital компаниясының CEO-сы Нұртай Абилгалиев.
текст
Digital Bridge 2025 алаңына қатысу BTS Digital үшін ұлттық цифрлық экожүйе идеясын ілгерілетудегі кезекті маңызды қадам болды.