Жақында Қазақстан халқына Жолдауында Президент келесі жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» механизмін енгізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы ағымдағы қолдау шаралары көбінесе азаматтардың нақты табыстарын есепке алмай ұсынылатынын, нәтижесінде тіпті ондай қолдауды қажет етпейтін дәулетті отбасылардың да көмек алатынын айтты. Қ. Тоқаев үкіметке көмектің шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуі үшін халықты қолдау құралдарын жетілдіруді тапсырды.
Бұл қадам мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған елдің әлеуметтік саясатын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді. «Әлеуметтік әмиянды» енгізу артық шығындардың алдын алып, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетілуін қамтамасыз ете отырып, ресурстарды анағұрлым дәл бөлуге мүмкіндік береді.
Ел Президентінің маңызды Жолдауымен қатар, Астанада цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі БҰҰ-ға қатысушы елдердің Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы өтуде. Аталған іс-шара аясында Премьер-министр Олжас Бектенов пен АТМЭӘК атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана бастаған мәртебелі қонақтарға қазақстандық BTS Digital IT-компаниясы әзірлеген, халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету процесін цифрландыруға бағытталған «Әлеуметтік әмиян» жобасы таныстырылды.
Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» арқылы азаматтардың жекелеген санаттарына беймонетарлық әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну сервистері іске асырылып үлгерді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерін тегін және жеңілдікпен тамақтандыру, сондай-ақ дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
Жоба белсенді дамып келеді және жақын арада «Оңалтудың техникалық құралдарын сатып алу үшін ақшалай қаражатты монетизациялау» және «Халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТТ тізбесіне кіретін азық-түлік өнімдерін сатып алуда атаулы көмек көрсету» (азық-түлік ваучерлері) секілді қосымша сервистерді енгізу жоспарлануда. Бұндай жаңа қадамдар қолданба арқылы қол жеткізуге болатын қызметтер ауқымын одан әрі кеңейтуге және қолдауды әлдеқайда нысаналы әрі тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік әмиянның» басты артықшылықтарының бірі - мемлекеттік қаражатты жұмсаудың толық ашықтығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға арналған ваучерлер дербес түрде тағайындалады, демек қосып жазуға жол берілмейді. Мемлекет үшін бұл ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануды білдірсе, азаматтар үшін көмектің әділ түрде, уақтылы берілетініне деген сенімділік болмақ.
«Әлеуметтік әмиян» жобасы Қазақстанды цифрлық трансформациялау және әлеуметтік қолдаудың әділ жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Аталған механизмді енгізу ұсынылатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, мемлекеттік көмекті неғұрлым ашық және атаулы түрде бөлуге жағдай жасайды.