Жаңалықтар

Максим Ильичев: әлеуметтік желілер қалай өзгереді?

Әлеуметтік желілер — бұл динамикалық ландшафт және олардың дамуы өзара әрекеттесу, қарым-қатынас және контентті тұтыну тәсілдерін одан әрі анықтайтын болады. Болашақ кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен бірге бірегей міндеттер қояды. Максим Ильичев, Aitu superapp-тың BTS Digital әзірлеуші-компаниясындағы tribe lead әлеуметтік желілерден қандай өзгерістер күтетіні туралы өз ойларымен бөлісті.

1. Әлеуметтік желілердің трансформациясы:

Жақын арада біз әлеуметтік желілер иммерсивті және интерактивті болады деп күтеміз. Виртуалды және толықтырылған шындықтың одан әрі жетілдірілген интеграциясы пайдаланушыларға әлеуметтік өзара әрекеттесуді жаңа тәсілдермен қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, контексттік даралау жаңа биіктерге жетеді: Алгоритмдер пайдаланушылардың қалауын жақсы түсініп оларға жеке мазмұн бере алатын болады.

Пайдаланушылар өз деректерінің құпиялылығын көбірек бақылауға және олардың ақпаратының қалай пайдаланылатынын тереңірек түсінуге ие болады. Қазақстан осы сұраныспен қатар жүреді, бұл жақында қабылданған «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңда көрініс тапты. Айта кетейік, тәуелсіз сарапшылар біздің Aitu платформасы заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

2. Бәсекелестікті күшейту:

Әлеуметтік желі иелері арасындағы бәсекелестік қатал болатыны сөзсіз. Платформалар пайдаланушылардың сұраныстары мен дамып келе жатқан технологияларға жауап ретінде өзекті болып қалу үшін үнемі жаңашылдық жасайтын болады. Жаһандық пайдаланушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кеңейтілген құпиялылық мүмкіндіктері, нақты уақыттағы тілдік аударма бойынша оқытуды жақсарту және контентті нақтылай модерациялау сияқты жаңа мүмкіндіктер әзірленеді деп күтудеміз. Сонымен, біз нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін қазақ және орыс тілдеріне арналған дауыстық және мәтіндік ML модельдерін әзірлеп, қолдануды жоспарлап отырмыз.

3. Өзектілігін арттыруға көзделген ребрендинг:

Әлеуметтік желілер платформалары өзгеретін мінез-құлық пен пайдаланушылардың қалауына бейімделу үшін ребрендинг жасай алады. Ребрендингті сәтті жүргізетін және құпиялылық, қауіпсіздік және қауымдастықтың әл-ауқаты принциптеріне адалдықтарын жариялайтын компаниялар бәсекелестік артықшылықтарға ие болуы мүмкін. Ашықтық пен сенімді нығайту бастамалары әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін компаниялар үшін маңызды болады және біз де осы факторларға басымдық беретін боламыз.

4. Тауашалық желілердің эволюциясы:

Ірі әлеуметтік медиа платформалар нарықта үстемдік етуді жалғастырса да, біз мамандандырылған, ұлттық (жергілікті) немесе тауашалық әлеуметтік желілердің өсуін болжаймыз. Бұл платформалар географиялық орналасуға, нақты мүдделер,немесе демографияға бағдарланатын болады. Мұндай желілер күшті қауымдастықтардың қалыптасуына ықпал ете алады және пайдаланушыларға ортақ хобби негізінде тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстандық компания ретінде біз Aitu өнімін қазақстандықтардың мүддесіне сай және қазақстандық мәдениет пен құндылықтарды көрсететін етіп жасаймыз.

5. Бағалы қызметтерге бағдарлану:

Әлеуметтік желілердің болашағы пайдаланушыларға құнды қызметтерді ұсынуға бағытталатын болады. Бұл білім беру ресурстары, мансапты дамыту құралдары және психикалық денсаулықты қолдау. Пайдаланушылардың әл-ауқаты мен жеке өсуіне басымдық беретін әлеуметтік желілер ұзақ мерзімді табысқа жетуі мүмкін.

6. Шоғырландыру әлеуеті:

Қатаң бәсекелестік жағдайында әлеуметтік желілерде шоғырландыру орын алуы мүмкін. Үлкендері ресурстарды біріктіру және олардың әсер ету аясын кеңейту үшін шағын платформаларды жұтып алуы мүмкін. Дегенмен, бірегей мүмкіндіктер ұсынатын және қауымдастыққа бағытталған тәуелсіз платформалар үшін де орын қалатын болады.

7. GPT модельдеріне негізделген виртуалды көмекшілер:

Әлеуметтік желілер дамыуы шеңберінде, біз GPT (generative pre-trained Transformer) сияқты озық тілдік модельдерге негізделген виртуалды көмекшілер рөлінің маңыздылығы артуын күтеміз. Бұл виртуалды көмекшілер пайдаланушылармен өзара әрекеттесуде, контентті құруда және әлеуметтік медиа платформаларында тұтынушыларға қолдау көрсетуде төңкеріс жасайтын болады. Біз қазақ тілінде сапалы қолдауға баса назар аудара отырып, пайдаланушыларымызға бірегей қызмет көрсету үшін GPT базасында виртуалды көмекшілердің мүмкіндіктерін зерделеуге ерекше мүдделіміз.

Әлеуметтік желілердің болашағы үлкен перспективаларды ашады, бірақ ол сонымен бірге пайдаланушылардың әл-ауқатына, құпиялылыққа және инновацияға деген терең міндеттемені талап етеді. Қазақстандық компания ретінде біз пайдаланушыларымыздың қажеттіліктеріне және мәдениетіміздің құндылықтарына бағдарланамыз. Біз әлеуметтік желілердегі технологиялық революцияға өз үлесімізді қосуға және барша үшін үздік цифрлық әлем құруға ұмтыламыз.

Сараптамалық түсініктеме Q-channel Telegram арнасында ұсынылды және жарияланды: https://t.me/qchannelkz/3707 және https://t.me/qchannelkz/3708.