Жаңалықтар

Бизнес эволюциясы: BTS Digital және оның Digital Almaty-2024-тегі өнімдері

Келешегі зор АТ-ұйымдарды, стартаптарды, бизнес өкілдерін, мемлекет қайраткерлерін және шетелдік сарапшыларды бір ортаға біріктірген жуырдағы Digital Almaty форумында қазақстандық BTS Digital АТ-компаниясының стенді ең көрнектілерінің біріне айналды.

«Х индустриясы: болашақтың цифрлық эволюциясы» делінетін форум тақырыбы цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелер мен идеялар алмасуды көздеді. Іс-шара шеңберінде цифрлық алаңның ағымдағы үрдістері талқыланып қана қоймай, цифрлық технология саласының BTS Digital секілді жетекші компаниялары ұсынған инновациялық шешімдердің таныстырылымы және белсенді ілгерілеуі де орын алды.

Аталмыш компания B2B сегментіне бағдарланған және бизнестің жылдамдығы мен тиімділігін арттыруды көздейтін өнімдердің кең ауқымын ұсынды. Олардың қатарында Aitu Passport, Aitu Workplace, Aitu Cloud, Aitu GPT және Aitu Платформа бар.


Digital Almaty-2024 форумында BTS-Digital компаниясының стенді

Кәсіпкерлерден тұратын форум қатысушыларын компанияның бұлтты қол қою және пайдаланушылар мен заңды тұлғаларды сәйкестендіру мүмкіндігін ұсынатын шешімдері; кез келген брендке сай бейімделетін және өнімдерді жіксіз интеграциялайтын, күнделікті сервистерді қамтыған IOS және Android-тағы дайын мобильді өнімдер, сондай-ақ клиенттерге қазақ және орыс тілдерінде дербес қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, оларға тауар не қызмет таңдауға көмектесетін, қызметкерлердің операциялық жұмыс жүктемесін азайтып, дайын лидтер ала білетін BTS Digital нейрожелісі ерекше қызықтырды.

Оған қоса, ішкі сервистерді кіріктіре отырып, ұйым ішінде екіжақты байланыс орнатуға арналған Aitu Workplace корпоративті платформасы да жоғары бағаланды.


Digital Almaty-2024 форумында BTS-Digital компаниясының стенді

BTS Digital компаниясының өкілі, «Әлеуметтік әмиян» жобасының жетекшісі Тимур Шалекеновтің «Бағдарламалық өнімдерді әзірлеу» панельдік сессиясында сөйлеген сөзі іс-шара қатысушыларын бей-жай қалдырмады, ол G2C төлемдер платформасының Қазақстандағы дамуы және оның процестерді жеделдетуге, оңтайландыруға тигізетін ықпалы жайында әңгімеледі.


Нұртай Әбілғалиев, CEO BTS-Digital және Тимур Шалекенов, BTS-Digital компаниясындағы "әлеуметтік әмиян" жобасының жетекшісі

Digital Almaty-2024 форумында BTS-Digital компаниясының тұсаукесері
Қорыта айтқанда, компанияның форумдағы таныстырылымы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға көмектесетін өнімдер жасауды мақсат еткен BTS Digital жұмысының пайымын тағы бір растады.