Жаңалықтар

Биометрия және қауіпсіздік

2025 жылғы сәуірден бастап Қазақстанда жаңа ереже күшіне енді: енді SIM-картаны тек биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана сатып алуға болады. Бұл – жалған нөмірлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбеюіне жауап ретінде қабылданған шара.


Бұл неге маңызды?
Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтар күннен-күнге күрделеніп келеді - қаскөйлер азаматтардың жеке деректері мен банк шоттарына қол жеткізе алады. Сондықтан мұндай шаралар цифрлық қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам, алайда оны жүзеге асыру үшін сенімді технология қажет.

BTS Digital сараптамасы
Atameken Business арнасындағы «Күндізгі формат» бағдарламасында BTS Digital компаниясының биометриялық сәйкестендіру бағытының жетекшісі Жаслан Байгаскин заманауи технологиялар арқылы биометрияны қауіпсіз және тиімді қолдануға болатынын түсіндірді.

«Біздің жүйе камера алдында нақты тірі адам тұрғанын дәл анықтай алады - маска, сурет немесе дипфейк емес. Сонымен қатар, адамның бет-әлпеті мемлекеттік деректер базасындағы эталонмен салыстырылады, бұл бөтен адамның деректерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады», - деді ол

Қорғаныс қалай жұмыс істейді?
BTS Digital әзірлеген технология мыналарға негізделген:
  • Барлық биометриялық деректер заманауи криптографиялық протоколдармен шифрланады
  • Liveness detection жүйесі - маскамен, суретпен немесе видеомен сәйкестендіруден өтуге жол бермейді
  • Бет-әлпеттің сәйкестігі мемлекеттік базадағы эталонмен тексеріледі
  • Жүйе жетекші ұялы байланыс операторлары арқылы сәтті сынақтан өтті және қателік деңгейі нөлге тең болды
текст

Цифрлық қауіпсіздік – бұл ұжымдық жұмыс
BTS Digital компаниясында қауіпсіздікпен айналысатын кәсіби команда тәулік бойы жұмыс істеп, киберқатерлерді алдын ала анықтап, залал келмей тұрып жояды.
«Биометрия - жай ғана жаңа сәйкестендіру әдісі емес. Бұл - цифрлық қызметтерге деген сенімділік негізі. Біз әрбір қолданушы өзін қауіпсіз сезінуі үшін жұмыс істейміз», - деп қорытындылады Жаслан Байгаскин.