Қазан айының ортасында Ақмола облысының Ақкөл қаласында Әлеуметтік әмиянның жаңа бағыты – атаулы көмек алушыларға мемлекеттік қолдауды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына азық-түлік ваучерлері түрінде ұсынудың таныстырылымы өтті.
Ресурстардың шектеулілігі және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру қажеттілігі жағдайында мемлекет әлеуметтік көмек ұсынудың жаңа тәсілдерін белсенді дамытуда. Сондай шешімдердің бірі Әлеуметтік әмиян болды. Ол қалай жұмыс істейді?
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) ваучерлерін жүзеге асыру схемасы
- Әкімдіктер (мемл. органдар) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан (ӘКК) жобаға қатысуға өтінім қабылдайды, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар туралы ақпаратты Әлеуметтік әмиянға (ӘӘ) жібереді.
- Осы деректердің негізінде ӘӘ жүйесі азаматтарға арнап автоматты түрде азық-түлік ваучерлерін қалыптастырады.
- Өз кезегінде ӘКК мемлекеттен көмек алушыларға нарықтағыдан арзан бағамен тауарлар ұсына алуы үшін сауда объектілеріне жеңілдікпен қарыз береді. Жеңілдікті қарыз қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік шарттарымен беріледі.
- АӘК алушылар ваучерлерді дүкендерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзан бағамен алу үшін пайдаланады.
- Әлеуметтік әмиян процестің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға қолданылған ваучерлер бойынша апта сайын статистика мен есептілік ұсынады.

Әлеуметтік әмиян енгізілген соң не өзгереді?
Әлеуметтік әмиянды әзірлеушілер – қазақстандық BTS Digital компаниясы – жобаның азық-түлік ваучерлері түріндегі жаңа бағыты бірқатар мәселелерді шешеді деп санайды:
Әлеуметтік әмиянды әзірлеушілер – қазақстандық BTS Digital компаниясы – жобаның азық-түлік ваучерлері түріндегі жаңа бағыты бірқатар мәселелерді шешеді деп санайды:
- ӘКК сатып алған тауарлар нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылады, бұл әлеуметтік осал топ өкілдерінің өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.
- ұсынылған көмекті ашық қадағалау жүйесі, толық цифрлық есептілік көмегімен мемлекеттік қолдауды бөлу тиімділігі артады.
- тікелей қолдау азаматтардың тек мұқтаж санаттарына ұсынылатын болады, демек ауқатты азаматтар тобының көмек алуы азаяды.
- қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының төмендігі олардың дүкен сөрелерінен жылдам “жоқ болуына”, тапшылықтың туындауына әкеліп отыр. Ваучерлерді енгізу ресурстарды нақтырақ бөлуге, тауарларды төмен бағамен жаппай сатып алуды болдырмауға көмектеседі.
- баға қалыптасуының табиғи жағдайларын сақтау нарықтың тұрақтануын қамтамасыз етеді және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының жасанды өсуіне жол бермейді.
- бұл ретте әлеуметтік әмиянның жаңа бағыты мемлекет бюджетінің шығынын арттыруды талап етпейді, өйткені жүйе қаржыландырудың қолданыстағы механизмдері негізінде жұмыс істейтін болады.

Әлеуметтік әмиянның қалай жұмыс істейтінін естеріңізге салайық. Бұл азаматтардың ақшалай емес мемлекеттік көмек түрлерін мобильді қолданбаны пайдалана отырып, бір ортада басқаруына мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Жүйенің негізгі функционалы:
Қорыта айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына берілетін ваучерлерді Әлеуметтік әмиян арқылы жүзеге асыру ең осал топ өкілдеріне бағдарланған сенімді әрі ашық қолдау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекетке халықты әлеуметтік қолдау деңгейін төмендетпей, ресурсты нақтырақ бөлуге көмектеседі.
- Тіркеу үшін ЖСН-ді және қашықтан сәйкестендіруді пайдалану.
- Азаматқа ұсынылатын барлық қолдау шараларының нақты уақытта анық көрсетілуі.
- Әр азаматтың мемлекеттік көмекті пайдалануының толық талдауы.
- Әлеуметтік көмектің және басқа да мемлекеттік төлемдердің ЖСН деректері негізінде автоматты түрде проактивті есептелуі.
- Жан басына шаққандағы қаржыландыруды жетілдіру мақсатында әлеуметтік көмек қаражатын пайдалануды талдау.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына берілетін ваучерлерді Әлеуметтік әмиян арқылы жүзеге асыру ең осал топ өкілдеріне бағдарланған сенімді әрі ашық қолдау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекетке халықты әлеуметтік қолдау деңгейін төмендетпей, ресурсты нақтырақ бөлуге көмектеседі.