Жаңалықтар

Газға жеңілдіктер енді Әлеуметтік әмиян арқылы қолжетімді

2024-12-12 15:53

2024 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында Президентіміз мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс екенін және ашықтық, жариялылық және тиімділік принциптеріне сәйкес келуі қажеттігін атап өтті.

Фото @ Акодра
ТЕКСТ
Осы міндетті шешу үшін «Әлеуметтік әмиянның» әзірлеушісі – BTS Digital компаниясы қосымшаның функционалын кеңейтуде.

Енді Шымкент пен Батыс Қазақстан облысындағы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар газ үшін төлемді eGov Mobile қолданбасындағы Әлеуметтік әмиян арқылы жеңілдікпен төлей алады. «QazaqGaz Aimaq» АҚ-мен бірлескен пилоттық жоба осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады.
ТЕКСТ
ТЕКСТ
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
  • Мұқтаж азаматтар туралы мәліметтер «Отбасының цифрлық картасы» жүйесінен Әлеуметтік әмиян жүйесіне түсіп, тауарлық газға арналған ваучерлер автоматты түрде жасалады.

  • Атаулы және тұрғын үй көмегін алушылар мәртебесі бар азаматтарға жеңілдік түріндегі әлеуметтік көмек тағайындалғаны туралы 1414 нөмірінен SMS хабарламалар жіберіледі.

  • Ваучерді белсендіру үшін тек тұрғылықты мекенжайдың жеке шотын қосымшада көрсету қажет – тұрғын үйге меншік құқығы сияқты қосымша құжаттар талап етілмейді.

  • Жеңілдік есептелген сомадан 24%-ға дейін жетуі мүмкін және белгіленген нормалар шегінде тұтынылған газ көлеміне қолданылады. Бұл нормалар өңірдің климаттық жағдайы мен тұрғын үйдің энергия тиімділігі ескеріле отырып есептелген және келесідей мөлшерде бекітілген: Шымкент – 631 м³/айға дейін, Батыс Қазақстан облысы – 833 м³/айға дейін.
ТЕКСТ
Әлеуметтік әмиян мемлекеттік органдарға ваучерлерді пайдалану туралы тұрақты есептер ұсынады, бұл көмек көрсету процесінің ашықтығы мен бақылануын қамтамасыз етеді.

Пилоттық жоба шамамен жарты жылға созылады, оның нәтижелері бойынша жобаны елдің басқа өңірлерінде масштабтау мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Толық ақпарат пен бейненұсқаулықты 5169 нөміріндегі байланыс орталығы арқылы немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.


АНЫҚТАМА ҮШІН

Әлеуметтік әмиян - eGov платформасында іске асырылған жоба, ол көмекті ұсыну процесін автоматтандырады, оны барынша ашық етеді және бюджет қаражатының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.