Жаңалықтар

«BTS Digital» Digital Almaty 2025 форумында

BTS Digital компаниясы өңірдегі аса ірі технологиялық іс-шаралардың бірі Digital Almaty 2025 формуына атсалысты. Көрме аясында біз маңызды цифрлық шешімдерді назарға ұсындық әрі жасанды интеллектінің бүгіні мен болашағы жайлы сарапшылық пікірталасқа қатыстық.

Фото @BTS Digital

Көрме қойылымында пайдаланушылардың цифрлық өзара іс-қимылын жақсартуға және әлеуметтік сервистердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді ортаға салдық:
  • Aitu — мессенджерді, әлеуметтік лентаны, медиа мен app-платформаны қамтитын ұлттық цифрлық экожүйе. Оның маңызды ұстанымдары — ашықтық, технологиялылық және пайдалылық. Aitu пайдаланушыларға бір кеңістікте өзара араласу, жаңалықтардан хабардар болу, сервистерді пайдалану және күнделікті міндеттерді шешу мүмкіндігін ұсынады.

  • Әлеуметтік әмиян — мемлекеттік қолдауды алуға және пайдалануға арналған танымал сервис. Ол төлем процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, қағазбастылықты азайтады және көмек алуды жеңілдетеді. Қазіргі таңда ыңғайлы шешімге мыңдаған пайдаланушы баға беріп үлгерді.
текст
Фото @BTS Digital

Сонымен қатар BTS Digital-дың бас директоры Нұртай Әбілғалиев жасанды интеллектіні білім беру және ойын-сауық саласында пайдалануға арналған екі панельдік пікірталаста сарапшы ретінде сөз сөйледі.

Талқылау барысында ол заманауи цифрлық платформалар пайдаланушының қолданбада өткізетін уақытын ұлғайтып қана қоймай, саналы әрі пайдалы цифрлық тәжірибені де қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

«Біз толассыз ақпарат ағынынан гөрі пайдаланушыларға нақты міндеттерді шешуге көмектесетін дербестендірілген лента жасауға ұмтыламыз. Егер платформа тиімділігінің маңызды көрсеткіші назарды бейіндеуге емес, пайда тигізуге бағытталатын болса, жасанды интеллектіге тәуелділік мәселесі де бизнес-модель деңгейінде шешіледі», — деді сарапшы.
текст
Фото @BTS Digital

Пайдаланушы таңдауын басқарудағы ЖИ рөліне ерекше назар аударылды. Ақпарат көптігі жағдайында жасанды интеллект негізіндегі ұсынымдар когнитивті жүктемені азайтудың маңызды құралына айналып отыр.
текст
«Таңдау көбейген сайын, шешім қабылдау да қиындай түседі, бұл көзге көрінбегенімен, сөзсіз, алаңдаушылыққа бастайтын қадам. Жақсы ұсынымдар пайдаланушылардың шын мәнінде маңызды дүниені іздеп табуына, артық ақпарат әсерінен болатын күйзеліске бой алдырмауына көмектеседі», — деп түйді BTS Digital басшысы.
текст
Фото @BTS Digital

Сондай-ақ, Нұртай Әбілғалиев қазіргі цифрлық әлемде ең басты бәсекелік артықшылық пайдаланушылардың сенімі екеніне назар аударды.
текст
«Бүгінде бірде-бір платформаны абсолютті монополия деуге келмейді. Пайдаланушылар үздік ұсынымдар мен ыңғайлы шешімдерге ие сервистерді таңдайды. Көңіл көтеруден бөлек, күнделікті міндеттерді орындауға көмектесетін технологиялардың болашағы жарқын екені анық», — деп қорытты ол өз сөзін.
текст
Digital Almaty 2025 форумы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы негізгі үрдістерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. Екі күн ішінде бизнес, мемлекет және сарапшылар қауымдастығы өкілдері технологиялық экожүйелердің болашағы туралы пайымдарымен бөлісті, саланың сын-тегеуріндері мен даму бағдарын талқылады.
текст
Фото @BTS Digital
BTS Digital үшін аталмыш іс-шараға қатысу инновациялық шешімдерді ұсынудың ғана емес, цифрлық трансформация стратегиясын қалыптастыруға үлес қосудың да мүмкіндігі болды. Біз пайдаланушылардың цифрлық тәжірибесін әлдеқайда ыңғайлы, саналы әрі тиімді ететін шешімдерді дамытуымызды жалғастырамыз.