BTS Digital Қазақстан мен Қытай арасындағы жылдам аудармаларға жол ашады.
Global Digital Trade Expo халықаралық көрмесінде BTS Digital компаниясы ЖЛТ өнімін ұсынып, қытайлық серіктестермен ынтымақтастық жөніндегі маңызды меморандумға қол қойды.
Суретте: Head of Fintech DTS digital Тимур Шалекенов (сол жақта), Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мадиев Жаслан (орталықта). Сурет: BTS-Digital
Енді AliPay және WeChat-пен интеграция жүзеге асырылып, Қазақстан мен Қытай арасында ыңғайлы әрі жылдам аударымдар жасауға мүмкіндік бермек. Бұл туристер үшін қаржы операцияларын жеңілдетіп қана қоймай, бизнес үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз!
Техникалық интеграция жұмыстары жақын арада қолға алынады, сөйтіп Қазақстан пайдаланушылары келесі жылы жаңа сервисті пайдалануға көшеді.
Қолдау білдіргені үшін ЦДИАӨМ-ге рахмет! Цифрлық экономиканың даму жолындағы маңызды қадамды мақтан тұтамыз!