Жаңалықтар

Aitu - Алматы бизнес-қоғамдастығының назарында

2025-08-28 16:23
BTS Digital Алматы қаласындағы MOST IT HUB алаңында өткен «Атамекен» РҚП Өңірлік кеңесінің және Креативті индустриялар мен IT бойынша салалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Кездесудің негізгі тақырыптары – цифрландыру, отандық IT-шешімдерді дамыту және венчурлік инвестициялардың перспективалары болды.

Фото: BTS-Digital
Біз Aitu SuperApp мүмкіндіктерін таныстырып, отандық мессенджердің елдің цифрлық экожүйесінің маңызды бөлігіне қалай айнала алатынын талқыладық. Aitu бүгінде азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік құрылымдарға арналған шешімдерді біріктіреді: чат-боттар мен колл-орталықтармен интеграциядан бастап, мини-қосымшаларды іске қосуға дейін.
текст
Фото: BTS-Digital
текст
BTS Digital ЖШС бас директорының м.а. Жарқынбек Азаматов:
«Қазақстанның болашағы — технологиялық прогресте, ал Aitu-ды дамыту біз үшін осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі. Жұмысымыздың ортасында — әрқашан пайдаланушы. Aitu күнделікті өмірде ыңғайлы әрі пайдалы болуы қажет. Біз платформаны азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік құрылымдарға арналған құрал ретінде дамытып жатырмыз. Қазірдің өзінде супераппте компанияларға арналған шешімдер қолжетімді - чат-боттар мен колл-орталықтармен интеграциядан бастап, мини-қосымшаларды іске қосуға дейін. Бұл — өсу мен серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері».
текст
Сала серіктестері отандық цифрлық сервистерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. АО «Қазақстан Халық Банкі» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев Aitu функционалы шетелдік баламалармен бәсекеге қабілетті мықты негіз қалыптастырып, елдің цифрлық егемендігін нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсултан Шоканов отандық цифрлық өнімдерді қолдаудың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, бұл өнімдер «цифрлық тұтынушылық патриотизмді» қалыптастырып, Қазақстанның жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

BTS Digital Aitu-ды бизнеске, мемлекетке және қоғамға арналған құрал ретінде дамытуын жалғастырып, цифрлық Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашуды көздейді.