Жаңалықтар

Technovation Kazakhstan-ның Regional Pitch Day

IT-компания ретінде біз технология көшбасшыларының жаңа буынын қолдауға және шабыттандыруға тырысамыз. Сондықтан да Technovation Kazakhstan-ның технология саласындағы қыздарға бағдарланған Regional Pitch Day жаһандық волонтерлік бағдарламасына демеушілік етуді жөн көрдік.

Бұл жай ғана іс-шара емес, бұл мектеп жасындағы қыздар үшін кәсіпкер және жаңашыл тұлға болу мүмкіндігі.

Қоғамымыздағы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, олар мобильді қолданбалар мен жасанды интеллект алгоритмдерін жасайды.

Біз сонымен қатар төрелік етуге қатысып, қыздардың шын мәнінде талантты жұмыстарына баға бердік. Командалардың жасампаздық, кәсіпқойлық деңгейі бізді әсерге бөледі.

Жоба барысында қатысушылар код жасауды, креативті шешім іздеуді үйренді, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу, сахнада өзін еркін ұстау, өнімді көркем түрде таныстыру және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру дағдыларын жетілдірді. Бұл, әрине, шабыттандырарлық іс.
Бағалау қиынға соқты, өйткені Senior және Junior сегменттеріндегі 40-тан аса жұмыстың әрқайсысы айрықша назар аударуға тұрарлық. Дегенмен байқаудың аты байқау, сондықтан екі топты ерекше атап, оларға BTS Digital атынан сыйлықтар мен біздің компаниямызда тағылымдамадан өту сертификаттарын табыс еттік. Құттықтаймыз! Бұл оларды үлкен жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам болсын!

Барша Technovation Kazakhstan қатысушыларына зор табыстар мен жеңістер тілейміз! Технологиялар арқылы әлемді бірге жақсартайық!