Алаяқтар үнемі қулықтың жаңа түрлерін ойлап табады. Олар қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін түрлі мекемелерге сұраныс жіберіп, пайдаланушылардың телефон нөмірін көрсетеді. Кейін сол нөмірге келген бір реттік кодты сізден сұрайды. Соңғы уақытта олар мұндай әрекеттерді Aitu Pass сервисі арқылы да жасап жүр.