Аудиторияның өсуі, жергілікті контент, AI-құралдар және коммуникацияның жаңа сценарийлері - Ұлттық мессенджер мәртебесін алғаннан кейінгі платформаның трансформациясындағы алғашқы нәтижелер.
«Ұлттық мессенджер мәртебесі - біз үшін ең алдымен пайдаланушылар алдындағы міндет. Біз Aitu-дың ел ішінде жасалған, сенімді, түсінікті әрі технологиялық тұрғыдан заманауи коммуникация алаңы ретінде дамуына басымдық бердік», - дейді Aitu әзірлеушісі BTS Digital компаниясының CEO-сы Нұртай Абилгалиев.
«Біздің мақсатымыз - Aitu-ды жай ғана күнделікті мессенджер емес, пайдаланушылар, бизнес пен мемлекет сенім артатын цифрлық коммуникация инфрақұрылымына айналдыру», - деп атап өтті Нұртай Абилгалиев.