Аудиторияның өсуі, жергілікті контент, AI-құралдар және коммуникацияның жаңа сценарийлері - Ұлттық мессенджер мәртебесін алғаннан кейінгі платформаның трансформациясындағы алғашқы нәтижелер.
2025 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Aitu-ды ұлттық мессенджер деп жариялады. Команда үшін бұл тек артқан назар ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік еді — платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өнімді дамыту және пайдаланушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделген цифрлық орта қалыптастыру.
текст
«Ұлттық мессенджер мәртебесі - біз үшін ең алдымен пайдаланушылар алдындағы міндет. Біз Aitu-дың ел ішінде жасалған, сенімді, түсінікті әрі технологиялық тұрғыдан заманауи коммуникация алаңы ретінде дамуына басымдық бердік», - дейді Aitu әзірлеушісі BTS Digital компаниясының CEO-сы Нұртай Абилгалиев.
текст
текст
Алғашқы айларда негізгі назар пайдаланушылармен коммуникация үдерістерін жолға қоюға, өнімдік команданы күшейтуге және аудитория мен мемлекеттік сервистердің сұранысына сай функционалдарды іске қосуға бағытталды.
Бұл өзгерістер пайдаланушылық көрсеткіштерден де көрініс тапты: ай сайынғы аудитория 700 мыңнан асты, ал күнделікті қолдану жиілігі шамамен жеті есе өсті. Сонымен қатар, қосымшада өткізілетін орташа уақыт та үш есе артты. Ішкі аналитикаға сәйкес, пайдаланушылар ең жиі чаттарды қолданады - біртіндеп Aitu негізгі байланыс арнасына айналып келеді. Сондай-ақ, ақпарат алуға арналған арналар да жоғары сұранысқа ие.
Айта кету керек, тамыз бен желтоқсан аралығында пайдаланушылар 1 800-ден астам жаңа арна ашып, олардың жалпы саны 42 мыңнан асты. Әсіресе «Жаңалықтар», «Бизнес», «Қоғам», «Технологиялар» және «Мәдениет» санаттары белсенді өсті. Контенттің басым бөлігі - жергілікті: қазақстандық аудиторияға бағытталған жаңалық, қоғамдық және спорттық арналар саны артып келеді.
Aitu өнімдік стратегиясында өз технологиялық шешімдерін дамытуға ерекше мән берді. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуге арналған кеңейтілген мүмкіндіктері бар жаңа AI-чат форматы іске қосылды. Енді AI-ассистенттермен мәтінді стриминг арқылы алу, жауапты тоқтату, диалогты тазалау, дауыстық өзара әрекеттесу және ақылды подсказкалар жүйесі қолжетімді. Пайдаланушылардың сауалнамаларының нәтижесінде ассистенттер саны 18 бағытқа дейін кеңейтілді - олар мектеп бағдарламасы бойынша үй тапсырмасын орындаудан бастап, жеке фитнес-жоспарлар құруға немесе құқықтық кеңес беруге дейін көмектесе алады.
Жеке бағыттардың бірі - бизнес-коммуникацияларды дамыту. Жаңа Business Chat форматы компанияларға мессенджер ішінде клиенттермен байланыс арналарын құруға мүмкіндік береді. API арқылы сыртқы жүйелерді интеграциялау, операторларды, боттар мен AI-шешімдерді қосу қарастырылған.
Сонымен қатар, Aitu-да орыс және қазақ тілдеріне арналған жеке сөйлеуді тану (STT) жүйесі әзірленді. Әзірлеушілер транскрибациядағы қателік деңгейінің төмен екенін атап өтеді — бұл дауыстық сценарийлер үшін маңызды көрсеткіш.
Қауіпсіздік бағыты да қатар күшейтілді. Жаңа құрылғыдан кірген кезде бейнеидентификациясы бар екі факторлы аутентификация енгізілді. Құпия чаттар да дамып келеді - бұл режимде хабарламалар серверлерде сақталмайды, хабарландырулар мәтінсіз келеді, ал бір пайдаланушы чаттарды өшірсе, ол автоматты түрде екінші тарапта да жойылады.

«Біздің мақсатымыз - Aitu-ды жай ғана күнделікті мессенджер емес, пайдаланушылар, бизнес пен мемлекет сенім артатын цифрлық коммуникация инфрақұрылымына айналдыру», - деп атап өтті Нұртай Абилгалиев.
текст
Жаңа мәртебедегі алғашқы алты айда Aitu инфрақұрылымды нығайтудан бастап, жергілікті контенті, AI-құралдары, бизнес-коммуникациялары және күшейтілген қауіпсіздігі бар өз экожүйесін сапалы дамыту кезеңінен өтті. Осы уақыт ішінде сервис аудиториясын ұлғайтып, контент құрылымын жаңартты, жаңа технологиялық шешімдерді іске қосты және пайдаланушылармен, бизнес өкілдерімен әрі мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесудің жаңа моделін қалыптастырды.