Астанада Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Bridge 2025 өтіп жатыр. Биылғы форум бизнес өкілдерін, стартаптарды, инвесторлар мен халықаралық сарапшыларды бір алаңға жинады. Форумның басты тақырыбы – Generative Nation, яғни Қазақстанның технология тұтынудан оны жасауға әрі экспорттауға көшуін бейнелейді.
«Aitu – біз қолданушылар мен серіктестерімізбен бірге құрып жатқан орта. Біздің мақсатымыз – әр жаңа сервис өмірді жеңілдетіп, бизнесті тиімдірек етуі», – деді BTS Digital компаниясының CEO-сы Нұртай Абилгалиев.