BTS Digital Алматы қаласындағы MOST IT HUB алаңында өткен «Атамекен» РҚП Өңірлік кеңесінің және Креативті индустриялар мен IT бойынша салалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Кездесудің негізгі тақырыптары – цифрландыру, отандық IT-шешімдерді дамыту және венчурлік инвестициялардың перспективалары болды.
BTS Digital ЖШС бас директорының м.а. Жарқынбек Азаматов:
«Қазақстанның болашағы — технологиялық прогресте, ал Aitu-ды дамыту біз үшін осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі. Жұмысымыздың ортасында — әрқашан пайдаланушы. Aitu күнделікті өмірде ыңғайлы әрі пайдалы болуы қажет. Біз платформаны азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік құрылымдарға арналған құрал ретінде дамытып жатырмыз. Қазірдің өзінде супераппте компанияларға арналған шешімдер қолжетімді - чат-боттар мен колл-орталықтармен интеграциядан бастап, мини-қосымшаларды іске қосуға дейін. Бұл — өсу мен серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері».