Aitu экожүйесі күнделікті қолдануға арналған отандық цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Көлденең ауқымдау стратегиясын іске асырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Aitu экожүйесінің ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 900 мыңнан асты.
«Біз білім беру платформаларынан бастап мемлекеттік сервистерге дейін кез келген ауқымдағы міндеттерге оңай бейімделетін икемді әрі қауіпсіз орта құрдық. Белсенді пайдаланушылар санының миллионға жуықтауы - ауқымдау стратегиямыздың нарықтан озық жұмыс істеп жатқанын көрсетеді», - дейді Aitu әзірлеушісі BTS Digital компаниясының өкілдері.