Жасанды интеллект цифрлық платформалар арасындағы бәсекенің жаңа нүктесіне айналып келеді. Aitu үшін AI-ды дамыту — жай эксперимент емес, стратегиялық бағыт. Соңғы айларда платформа өз AI-ассистенттерінің желісін іске қосып, кеңейтті және сөйлеуді тану технологиясын енгізді.
«Біз үшін жасанды интеллект технологияларының жергілікті контексті - тіл, мәдениет және пайдаланушы әдеттері ескеріле отырып дамуы өте маңызды. Меншікті сөйлеу моделі - ел ішінде тәуелсіз AI-экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті BTS Digital компаниясы.