BTS Digital күнделікті өмірде қажетті цифрлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеумен айналысады.
Aitu экожүйесі әріптестер үшін ашық. Біз өзара тиімді ынтымақтастық жасауға, ортақ күшімізді адамдардың өмірін жақсартуға бағыттауға дайынбыз. Әріптестерден біз компанияның құндылықтарын қуаттайтын және бізбен бірге осы әлемді өзгертуге дайын адамдарды көреміз.
Сіздермен ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз!
500 000-нан астам белсенді пайдаланушысы бар мессенджер. Жекелеген арнада бизнесті алға жылжыту мүмкіндігі, бір рет шерту арқылы ақысын төлеуге болатын кіріктірілген әмиян, боттар, жарнама және жаңа клиенттерді тарту үшін көптеген басқа да мүмкіндіктер.
AituApp - мессенджер ішіндегі Сіздің шағын қосымшаңыз, онда 100 мыңнан астам белсенді пайдаланушы сіздің тауарларыңызды немесе көрсетілетін қызметтеріңізді көріп, тұрақты клиенттеріңізге айнала алады.
Клиенттерді тегін алып келеміз
Жеке басты онлайн сәйкестендіру. Биометрия мен телефон нөмірі бойынша деректерді онлайн режимде алу мүмкіндігі. Мәмілелер жасасу және шарттарға қол қою, персоналды іріктеу, қаржылық операцияларды жүргізу, үй-жайға қол жеткізуді бақылау ыңғайлы.
Кассалық аппараттар мен фискалдық тіркеуіштердің баламасы. Сервис ақы төлеуге арналған шоттар мен фискалдық чектерді телефонда және компьютерде - дүкенге немесе кеңсеге байланыстырмай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кассалық операцияларды әлемнің кез келген жерінен қадағалауға болады. Ауысымның әрекеттері журналда сақталады.
Әлемнің кез келген жерінен қауіпсіз аударымдар мен ақы төлеуге арналған мобильді әмиян.
Жаңа клиенттерді тартуға, сатылымдарды ұлғайтуға және күнделікті сұранысқа ие тауарларды ұсынатын компанияларға деген бейілділікті арттыруға арналған тұғырнама.
Касса24 - электрондық төлемдер, фискалдық чектерге арналған чат-боттар, онлайн касса және жеткізу қызметі. Кәсіпкерлер мен көрсетілетін қызметтерді берушілер үшін қажетті құрал. Бүкіл Қазақстан бойынша 15 000 терминал орнатылды.
Азаматтардың жергілікті басқару органдарына, әкімдіктерге және коммуналдық қызметтерге өтініш беруіне арналған алаң. Aitu City-ге қосылу ашық болу әрі отандастарына жақын болу дегенді білдіреді. Қосылу тегін.
Әртүрлі өмірлік жағдайларда адамдарға көмектесуге арналған сарапшылар қоғамдастығы. Бұл жерде кез келген сұрақтарға жауап табады, бір-бірімен білімімен және тәжірибесімен бөліседі.
Бізге жазыңыз немесе хабарласу үшін байланыстарыңызды қалдырыңыз.