Senior
Marketer
Digital ID өнімін жасаушы команда біздің барлық бәсекелік артықшылығымыз нарыққа белгілі болған уақытта өнімнің дұрыс тұрғылануын қалыптастыру үшін жоғары деңгейлі Senior Marketer іздейді.

Digital ID, Aitu Passport өнімдері - бұлтты ЭЦҚ-сы бар, бет-әлпет биометриясы бойынша авторизациялау және сәйкестендіру сервистері, Aiguard – орынжайға кіруді бет-әлпет бойынша бақылау және есепке алу жүйесі. Қазіргі уақыттың өзінде өнімдердің 5 млн. жуық пайдаланушысы және ондаған серіктестері бар.

Мұнда дизайнерлер, продакт-менеджерлер, биз девтер, PR-мамандар және жарнама мамандары командасымен бірге жұмыс істейтін боласың.
Міндеттер
  • Нарықта оң бренд қалыптастыру.
  • Сату бөліміне жылы b2b лидтер тарту, мамандар тобының көмегімен b2c маркетингті жолға қою.
  • Жаңа фичаларды әлемге таныту.
  • Өнімге қатысты шешімдер қабылдау үшін нарықтан инсайттар іздеу.
  • Сату бөлімі үшін сатымгер материалдар дайындау.
  • Дизайнерлерді, PR-мамандарды және жарнама мамандарын басқару.
  • Өнімдік әлеуметтік желілерді жүргізу (іздеу кезінде алға шығаруды Seo-оңтайландыру, контекстік жарнама, контент жасау (видео, суреттер), блогерлермен жұмыс, түпкілікті аналитиканы баптау).
  • Лендингтерді конверсияның өсуіне оңтайландыру.
  • Серіктестік қарым-қатынастарды жүргізу (рефералды бағдарлама).
  • Шетел нарықтарына Research.
Талаптар
  • Өнімдерді бастапқы іске қосу тәжірибесі: нарықтың ауқымын анықтау, бәсекелестерге талдау жүргізу, полиграфиямен, фотографиямен жұмыс, өнім туралы презентациялар, видео контент жасау.
  • Ішкі PR-мамандармен жұмыс тәжірибесі (міндеттер белгілеу, бақылау, контент).
  • Бренд қалыптастыру тәжірибесі (беделді қалпына келтіру).
  • Сарапшылар брендін қалыптастыру тәжірибесі (продакт менеджерлердің жеке брендін).
  • Оң бренд қалыптастыру тәжірибесі (өнімдердің).
  • Конференциялар ұйымдастыру және ивенттерге қатысу тәжірибесі.
  • Аудиториямен көпшілік қарым-қатынас тәжірибесі.
  • Әлеуметтік желілерді жүргізу тәжірибесі.
  • SEO оңтайландыру, контекстік жарнаманы баптау (ұстанымдарын түсіну деңгейінде), түпкілікті аналитика тәжірибесі және олардың қағидаттарын түсіну.
  • Серіктестік бағдарламасын құру тәжірибесі.
  • Сайт жасауға тапсырмалар (ТТ) белгілеу дағдысы.
Skills
  • Қазақстан Республикасындағы ілгерілету арналарын білу және қолдану.
  • Ағылшын тілін білу.
  • Талғампаздық, әсемдікті сезіне білу, оның ішінде мәтін көркемдігін түйсіну.
  • Дизайн трендтерінен хабардарлық.
Жалпы шарттар
Кеңседегі жұмыс
Онлайн жұмыс істеу мүмкіндігі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының ЕК бойынша жұмысқа орналастыру
Сынақ мерзімі 3 ай
Ақылы демалыс
Әлеуметтік пакет
Marketing
Іске жете мән беріп, жаңашылдықпен қарайтын, ойын жеткізуде батылдық, еркіндік таныта білетін, ойлау жүйесі таптаурындардан алшақ, оқып-үйренуге, білгенін ортаға салуға әзір адамдарды қатарымыздан көруге біз қашанда қуаныштымыз.
Бастысы - біздің үміткер жеңілістерден қорықпайтын, кез келген жағдайда шешім табатын жан
Бос жұмыс орны
Жалпы шарттар
Біз ұсынамыз
  • Икемді жұмыс кестесі
  • командалар икемді кесте бойынша жұмыс істейді,
  • кеңседе немесе қашықтан жұмыс істеуге болады,
  • біздің компанияда нәтиже жұмыс істелген уақыт мөлшерінен маңыздырақ.

Қызметкерге қамқорлық
  • әрбір қызметкерді медициналық сақтандыру,
  • тәлімгерлік және деңгейлес өсу жүйесі.

Оқыту
  • халықаралық конференцияларға, семинарларға, курстарға және тренингтерге қатысу мүмкіндігі,
  • Қазақстанда және шетелде бейінді митаптар ұйымдастырамыз,
  • бізде QA, UI/UX, Full-stack, Front End /Back End құзыреттерін дамытуға арналған ішкі мектептер жұмыс істейді.
Астана
Full-time
Copyright BTS-Digital 2022, All right Reserved
Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Қошқарбаев даңғ. 1/4, DownTown БО, Dubai блогы
Бізге жазыңыз: hello@btsdigital.kz
Бізге серіктес болыңыз: partner@btsdigital.kz
Бізбен жұмыс істеңіз: hr@btsdigital.kz