Әріптестерге
Aitu экожүйесі
BTS Digital күнделікті өмірде қажетті цифрлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеумен айналысады.

Aitu экожүйесі әріптестер үшін ашық. Біз өзара тиімді ынтымақтастық жасауға, ортақ күшімізді адамдардың өмірін жақсартуға бағыттауға дайынбыз. Әріптестерден біз компанияның құндылықтарын қуаттайтын және бізбен бірге осы әлемді өзгертуге дайын адамдарды көреміз.

Сіздермен ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз!
BTSD-мен бизнес

Fiscal24

Кассалық аппараттар мен фискалдық тіркеуіштердің баламасы. Сервис ақы төлеуге арналған шоттар мен фискалдық чектерді телефонда және компьютерде - дүкенге немесе кеңсеге байланыстырмай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кассалық операцияларды әлемнің кез келген жерінен қадағалауға болады. Ауысымның әрекеттері журналда сақталады.



Aitu Кошелек 2.0
Қауіпсіз аударымдар мен жылдам төлемдерге арналған мобильді әмиян. Әмияндар арасында жедел ақша аудару, көпшілік бөлігіне комиссия алынбайтын 2500-ден аса қызмет түрін төлеу мүмкіндігі. Қазақстан аумағында 15 мыңнан астам терминал толықтыруға қолжетімді. Қазақстандық эмитенттер шығарған VISA және Mastercard төлем жүйелерінің карталарынан әмияндарды толықтыру және аталған карталарға ақша шығару.

DosMart

Жаңа клиенттерді тартуға, сатылымдарды ұлғайтуға және күнделікті сұранысқа ие тауарларды ұсынатын компанияларға деген бейілділікті арттыруға арналған тұғырнама








BTSD мен мемлекеттің ынтымақтастығы

eOtinish

Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беруге арналған платформа. Платформа өтінішкердің өтініш беру сәтінен бастап, ішкі рәсімдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың өңдеуіне дейінгі күллі процесті қамтиды.
Біз ынтымақтастық үшін ашықпыз
Бізге жазыңыз немесе хабарласу үшін байланыстарыңызды қалдырыңыз.

hello@btsdigital.kz
Байланыстар
г. Нур-Султан,
Қошқарбаев даңғылы 1/3,
Даунтаун БО, Дубай блогы





hello@btsdigital.kz