Біз туралы
BTS Digital 2018 жылы құрылды. Компания адамдарға күнделікті өмірде қажетті цифрлық өнімдер мен сервистерді әзірлеумен айналысады. Бізбен жекеменшік ұйымдар және мемлекеттік сектор ынтымақтастық жасайды.

Aitu экожүйесі қоғамды, бизнес ортаны және мемлекетті біріктіру үшін құрылған. Осыған ұқсас цифрлық синергия қазіргі заманғы әлемнің болмысы тұрғысынан қажет.

BTS Digital-дың мобильді қосымшаларын қарым-қатынас жасау, онлайн сатып алу және төлемдер, қалалық қызметтерге өтініш жасау үшін пайдаланады.
Aitu экожүйесіндегі өнімдер

Digital ID - жеке басты сәйкестендіру құралы. Биометрия мен телефон нөмірі бойынша деректерді онлайн режимде алу мүмкіндігі.

AituCity - мемлекеттің қоғаммен ашық әрі бүкпесіз диалог жасауына арналған алаң. Бұл жерде әрқайсымызға әсер ететін белгілі бір шешімдердің қабылдануы талқыланады. Aitu City азаматтық қоғамды қалыптастырады.

E‑commerce - шағын және орта бизнесті қолдау. Кәсіпкерлер шығындарын оңтайландырады, тұтынушылар тиімді сатып алу жасайды. E‑commerce бизнесті құрып, дамытуға көмектеседі.

AituPay - В2В және В2С клиенттеріне арналған шешім. Ашықтық пен кірісті ұлғайтуға арналған цифрлық төлемдер.
Бір арман біріктірген, 8 елден келген қызметкер
Адамдардың өмірін жақсартуға арналған маңызды өнім
Жас мамандар үшін тағылымдама. Үздіктері командада қалды
250+
IT-индустрияны дамыту үшін өткізілген
50+
15+
200+
3
және бізге небәрі
жыл ғана
Пайдаланушы бәрін шешеді.

Бұл біздің тұсбағдарымыз әрі жол көрсететін жұлдызымыз. Пайдаланушыға барлық деңгейлерде жайлылықты қамтамасыз ету маңызды, сондықтан, біздің сервистеріміз тез әрі пайдалануда ыңғайлы.
Бір-бірімізге деген ашықтық пен адалдық.

Команданың барлық мүшелері компанияның мақсаттары мен жоспарлары туралы біледі. Біз бір-бірімізден деректерді жасырмаймыз, файлдарды тығып, сыртынан сөйлемейміз. Шешімдер бірлесе отырып қабылданады. Әркімнің пікірі маңызды.
Бізді өзіміз айналысатын ісіміз шабыттандырады.

Жасайтынымыздың бәрі мағыналы әрі пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін арналған. Нақты мақсаттарымыз бар әрі біз олардың қайда алып келетінін білеміз. Жасампаздық, күрделі міндеттерді шешу, идеяларға шынайы ынтық болып, оларды жүзеге асыру - бұл біз туралы айтылған.
Ашықтық
Мәні
Құндылықтарымыз
Әркімнің әлеуеті шексіз және біз бірлесіп, көбірек жасай аламыз.

Бірге біз бір-бірінен үйренетін, тәжірибесімен және білімімен бөлісетін мықты командамыз. Адамдарға жақсырақ өмір сүру мүмкіндігін сыйлау идеясы бізді алға жетелейді.
Ойлап көруге болатын кез келген нәрсені іске асыруға болады.

Біз үшін батылдық - бұл қорқыныш сезіміне қармастан, ортақ мақсат үшін орынды тәуекелге бару. Идеяға сену, сын-тегеурінді қабылдап, кез келген кедергілерді еңсеру батылдығы.
Команда

Батылдық
Пайдаланушы
BTSD командасы
BTS Digital - бұл бүкіл Еуразия өңірінен жиналған жарқын, батыл әрі қызықты тұлғалар командасы. Әркім тәжірибесімен және білімімен бөліседі, басқа адамды тыңдап, оған қол ұшын беруге дайын. Бірге бізге оңай әрі ыңғайлы. Бізде ұзақ жиындар, маңызды бастықтар мен жабық кабинеттер жоқ.
BTSD-ге қосыл

Жаңа бос орындар
Байланыстар
г. Нур-Султан,
Қошқарбаев даңғылы 1/3,
Даунтаун БО, Дубай блогы





hello@btsdigital.kz