Бас Backend
әзірлеуші
Бос жұмыс орны
Міндеттері
  • Заманауи стекте веб-қолданбалар әзірлеу.
  • Юнит-тесттер жазу.
  • Архитектуралық шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысу.
  • Сode review-ге қатысу.
Талаптар
  • Java/Kotlin/Go және оның stdlib жүйесінде 5 жылдан артық жұмыс тәжірибеңіз бар.
  • Бәсекелестік пен қатарластық арасындағы айырмашылықты түсінесіз. Корутиндермен және/немесе горутиндермен жұмыс істей аласыз.
  • Көпағынды әзірлеменің күрделілігімен және ондай кодты жылдам әрі қауіпсіз ету тәсілдерімен тәжірибе жүзінде таныссыз.
  • Үлестірілген жүйелерді құруға қатысқансыз (осы саладағы circuit breaker, api gateways, cdc және т.б. секілді паттерндермен таныссыз).
  • kafka, rabbitmq, pulsar және т.б. секілді хабарлама брокерлерін білесіз.
  • Реляциялық және реляциялық емес деректер қорымен жұмыс істегенсіз. Postgresql, Cassandra, Redis-ті білсеңіз тіптен жақсы.
Skills
Kotlin/Go
Postgresql
Redis
Cassandra
Elasticsearch
Kafka
MinIO
docker
k8s
Жалпы шарттар
Кеңседегі жұмыс
Онлайн жұмыс істеу мүмкіндігі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының ЕК бойынша жұмысқа орналастыру
Сынақ мерзімі 3 ай
Ақылы демалыс
Әлеуметтік пакет
Software
Іске жете мән беріп, жаңашылдықпен қарайтын, ойын жеткізуде батылдық, еркіндік таныта білетін, ойлау жүйесі таптаурындардан алшақ, оқып-үйренуге, білгенін ортаға салуға әзір адамдарды қатарымыздан көруге біз қашанда қуаныштымыз.
Бастысы - біздің үміткер жеңілістерден қорықпайтын, кез келген жағдайда шешім табатын жан
Жалпы шарттар
Біз ұсынамыз
  • Икемді жұмыс кестесі
  • командалар икемді кесте бойынша жұмыс істейді,
  • кеңседе немесе қашықтан жұмыс істеуге болады,
  • біздің компанияда нәтиже жұмыс істелген уақыт мөлшерінен маңыздырақ.

Қызметкерге қамқорлық
  • әрбір қызметкерді медициналық сақтандыру,
  • тәлімгерлік және деңгейлес өсу жүйесі.

Оқыту
  • халықаралық конференцияларға, семинарларға, курстарға және тренингтерге қатысу мүмкіндігі,
  • Қазақстанда және шетелде бейінді митаптар ұйымдастырамыз,
  • бізде QA, UI/UX, Full-stack, Front End /Back End құзыреттерін дамытуға арналған ішкі мектептер жұмыс істейді.
Астана
Full-time
Copyright BTS-Digital 2022, All right Reserved
Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Қошқарбаев даңғ. 1/4, DownTown БО, Dubai блогы
Бізге жазыңыз: hello@btsdigital.kz
Бізге серіктес болыңыз: partner@btsdigital.kz
Бізбен жұмыс істеңіз: job@btsdigital.kz